Басты бет Қоғам Қазақстанда сотталғандарға электронды дүкен ашылды

Қазақстанда сотталғандарға электронды дүкен ашылды

Азық-түлік өнімдерін жеткізу қызметі Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Павлодар, Қарағанды қалаларының тергеу изоляторларында жұмыс істей бастады.

Пенитенциарлық жүйе мекемелерінде жаңа сервистер ашылды, деп хабарлайды MediaWorld.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Алматы қаласы және Алматы облысының қылмыстық-атқару жүйесінің бірнеше мекемесінде Мамандандырылған электронды дүкен бойынша пилоттық жобалар іске қосылды.

Сотталғандардың туысқандарымен бейнебайланыс арқылы сөйлесулері Ақмола облысындағы ҚАЖ-дың екі мекемесінде сынақтан өткізіледі.

ІІМ бұл жобаларды іске асыру пенитенциарлық жүйеде цифрландыруды дамытуға, ізгілендіру деңгейін арттыруға, сыбайлас жемқорлық пен шағымдардың санын азайтуға ықпал етеді, сондай-ақ сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына жақындатады деп есептейді.

Осы сервистер арқылы тапсырыс беру және жеткізу ҚАЖ мекемелерінің тапсырыстарды қабылдау бюросындағы кезекті жояды, сондай-ақ сотталғандарға және қамауға алынғандарға тыйым салынған заттардың өту фактілерін төмендетеді.

ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдар өздерінің туыстары мен жақындарын міндетті түрде келуге мәжбүрлемейді, қолданысқа енгізілген сервис арқылы рұқсат етілген тауарлар мен өнімдерді сатып алуға мүмкіндік туды. Осындай сервистердің қызметін тергеу-қамауға алынғандар және сотталғандардың туыстары мен жақындары да пайдалана алады.

Арнайы электрондық дүкен және сәлемдемелерді пенитенциарлық жүйеге жеткізу жөніндегі сервис тауар өндірушілер болып табылмайды, ол жергілікті және шетелдік өндірушілердің өнімдеріне арнайы алаңды ұсынады.

Сервистерді қолданысқа енгізу — сотталғандардың тауарды мекеме ішіндегі дүкеннен немесе электрондық дүкеннен таңдауына жол ашады. Яғни, бәсекелестік орта қалыптастырып отыр. Ал бәсекелестік тұтынушыларға сапалы әрі бағасы қолайлы тауарлар ұсынауға деген қызығушылықты арттырады.

Соңғы жаңалықтар

СҚО-да жас босанған келіншек нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Солтүстік Қазақстан облысында 28 жастағы әйел өзінің жаңа туған нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Дүниеге келгеніне бірнеше күн болған шақалақтың денесі өз үйінің...

Коронавирустың құрбандары күн санап артып келеді, — Ж.Бекшин

Коронавирустың құрбандары күн санап артып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше ажал құшқандардың саны 2800-ге таяған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Фото pixabay.com сатынан алынды Ресми атауы...

Қордай ауданының тұрғындарынан бір килограмм героин табылды (видео)

Қордай ауданының екі тұрғынынан бір килограмнан астам героин табылды. Ер адамдар уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды https://youtu.be/ke8lkjNuAec Есірткі қылмысына қарсы...

Депутаттар белгісіз заттан уланған баланы еске алды

Мәжіліс депутаттары тұрғын үйлерде құрт-құмырсқа мен тышқандардың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Осы жәндіктерге қарсы қолданылатын химиялық препараттардан адам өлімі жиілеп кеткен, деп хабарлайды Sputnik...

Ағаділдің өлімі: прокуратура сараптама барысы жайлы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты дерек жариялады, деп жазды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды "25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Ағаділ өліміне...

Ломбардтарды жарнамалаған әртістер мен блогерлер заң алдында жауап береді

Даулы ломбардтардың қызметін жарнамалаған Қазақстандағы танымал тұлғалардан полиция жауап алады. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Қазақстан ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді,...

Жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізіледі

Қазақстанда жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізу жоспарланып отыр. Парламент мәжілісі тиісті заң жобасын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды Мәжілістің...