Қазақстанда төтенше жағдайлардан 246 адам көз жұмды

17
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Қазақстанда жыл басынан бері төтенше жағдайлар салдарынан 246 адам ажал құшты. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Осы жылдың төтенше жағдайлар кезеңінде 246 адам көз жұмды. Олардың өліміне әртүрлі жағдай себеп болған. Былтыр жылу беру маусымы кезеңінде 222 адам мерт болған еді», — деді Ильин онлайн баспасөз мәслихатында.

Ол республика бойынша төтенше жағдайдан қаза болғандар мен зардап шеккендердің жалпы саны азайып жатқанын айтты. Дегенмен, кей өңірлерде – Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында төтенше жағдайлар саны артуда. Олардың дені өртпен байланысты. Мәселен, 2019-2020 жыл аралығында тұрғын үй секторында 5 мың өрт болған.

Жыл басынан бері 8900 төтенше жағдай тіркелді, оның 8 100-і – өрт.

10 мыңнан астам адамды құтқару жұмыстары жүргізіліп, 12 мыңнан астамы эвакуацияланған. Зардап шеккен 2 700 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз: