Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 33-ке жетті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
«Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адамда коронавирус анықталды», — делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта елде 33 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі. Оның 15-і- Алматыда, 18-і — астанада.
Алматы мен астана карантинге жабылады
19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.
16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды, шектеу шаралары қабылданған еді.
Оқи отырыңыз:
- Көлгінов астанада қанша азық-түлік бар екенін айтты
- Алматыда балабақшалар да жабылады
- Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай—ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз