Қазақстанда тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
«Қазіргі кезде қосымша тағы бір адам анықталды. Үшінші науқас деп айтуға болады. Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға 12 наурызда келген. Зертханалық талдау бойынша коронавирус инфекциясы анықталды», — деді Біртанов арнайы баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, үшінші науқас әуежайдан бірден карантинге жатқызылған. Бортта 90 жолаушы болған.
Бұған дейін екі қазақстандықтан коронавирус табылған болатын. Олардың біреуі Қазақстанға 9 наурызда, ал екіншісі 12 наурызда түнде ұшып келген.
«Мен ол адамдардың жеке мәліметтерін айта алмаймын. Ол — заңның талабы. Біреуі — ер адам, екіншісі — әйел. Екеуі де Германиядан келген. Біріншісі 9 наурызда ұшып келген. Ал екінші пациент Қазақстанға 12-сінде, яғни кеше кешке қарай, негізі, бүгін түнде келді деуге болады», — деген болатын Біртанов бұған дейін.
Оның айтуынша, 9 наурызда ұшып келген борттағы барлық жолаушы анықталды. Олардың саны — 73 адам.
Оқи отырыңыз:
- Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар туралы
- Қазақстаннан да коронавирус шықты
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының коронавирустың алдын алу шараларына орай жұма намазына қатысты мәлімдемесі
Фото pixabay.com сайтынан алынды