«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Үкіметінің ресми сайтында жарияланған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысында:
- «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Абай күні – 10 тамыз».
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген. Биыл — ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы.
Оқи отырыңыз:
- Ақорданың маңына жиналған бір топ адам кредиттің кешірілуін талап етті
- PayDay Service стартабы FINTECH EVENING-ке қатысады
- «Түркітілдес журналистер қоры» журналистерге онлайн семинар-тренингтер өткізбек
Подписывайтесь на наши аккаунты в социальных сетях:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
А также наша группа в Facebook