Басты бет Қоғам Денсаулық Қазақстанда тегін дәрі-дәрмекті қайдан алуға болады

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмекті қайдан алуға болады

Медициналық сақтандыруы бар азаматтар, соның ішінде кәмелетке толмағандар да емханалардағы дәріханалардан дәрі-дәрмекті тегін ала алады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов рецепт бойынша дәрі-дәрмекті кез-келген клиникада алуға болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото pixabay.com сатынан алынды

Министр тегін дәрі-дәрмек алу жүйесі бұрын тек коммерциялық дәріханаларда жұмыс істегенін алға тартты.

«Олар (коммерциялық дәріханалар — Sputnik) ақша сұрады. Сөйтіп, 2015 жылға дейін дәрі-дәрмек құнының 25% көлеміндегі үстемақы төленіп келді. Менің ойымша, бұл қомақты сома. Енді осы 25%-ті біреуге бергенше, адам емханаға келіп, рецепт бойынша дәрі-дәрмек алғаны тиімді деп санаймыз. Болашақта біз адамдардың кез-келген дәріханадан өзіне қажетті дәріні тегін алатын жүйеге оралғымыз келеді», — деді Біртанов.

Бұдан былай дәріханалар арасында тендер өткізілмейді. Егер адамның қолында рецеп болса, барлық дәріханалар тегін дәрі береді.

«Ол үшін біз бүкіл жүйені цифрландыру арқылы бухгалтерлік есепті көріп отыруымыз керек. Мысалы, бір адам тегін дәрі-дәрмек алуға келсе, дәріхана сатушылары «бізде төлем жоқ» деуі мүмкін. Осындай әрекеттің алдын алу үшін тегін электронды рецепттер жүйесін жасадық. Қазір бұл жүйе жеке дәріханаларда сынақтан өтіп жатыр. Сынақ екі жылға созылады», — деді министр.

Бүгінгі таңда адамдар тегін дәрі-дәрмек алу үшін емханаларға баруға мәжбүр.

«Көп жағдайда тегін дәрілер алдын ала бекітілген жоспар бойынша созылмалы ауруларға ғана (жұқпалы ауруларға емес) беріледі, — деп түсіндірді Біртанов.

Ал енді үйге шақырылатын дәрігерлер үшін дене қызуын төмендететін препарат алу проблемасы да маңызды.

«Бұл мәселеден хабарымыз бар және оның шешімін жақын арада табамыз деп ойлаймын. Сол сияқты адамның жеке сәйкестендіру нөміріне рецептіні тіркеу арқылы тәулік бойы істейтін кез-келген дәріханадан дәрі-дәрмек алатын жүйені іске қосамыз», — деді министр.

Қазақстанда қандай дәрі-дәрмектер тегін берілуі мүмкін

Елімізде 1 қаңтардан бастап әлеуметтік маңызды ауру санатындағы 32 топтың бірінде тіркелген пациенттер мемлекет есебінен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Олардың қатарында онкология, туберкулез, ВИЧ, қант диабеті, В және С вирустық гепатиті, артериялық гипертензия сияқты сырқат түрлері бар.

Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қатысушылары үшін дәрі-дәрмектің 41 тобының біріне тіркелгендерге қолжетімді болды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл шамамен 300-ге жуық диагноз түрі. Ауру мен дәрі-дәрмектердің тізімін мына сілтемеден қарауға болады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...