Қазақстанда жолаушыларға арналған теміржол көлігі қызметі бір жыл ішінде шамамен 10% қымбаттады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы EnergyProm мониторинг агенттігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, жолаушылар теміржол қызметтері тамыз айында 9,9%-ға өсті.
Бағаның өсуі аймақтар арасында Түркістан облысының тұрғындарына айтарлықтай байқалды: бағаның жылдық өсімі 23,8% құрады. Сондай-ақ, бағалар Ақмола облысында (15,8%) және Алматыда (15,1%) айтарлықтай өсті.
Сектордағы қызметтер Ақтөбе (0,1%), Қызылорда (1,5%) және Батыс Қазақстан (1,6%) облыстарында сәл көтерілді.
Агенттіктің хабарлауынша, сегіз айдың қорытындысы бойынша жолаушыларды тасымалдау сегментінде 7,4 миллион адам теміржол көлігімен тасымалданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 49,6%-ға аз.
Сонымен қатар тек тамыз айын есептегенде 828,9 мың жолаушы тасымалданды, бұл алдыңғы айға қарағанда 16,9% артық.
Жолаушылар айналымы 5,7 млрд жолаушы-километрді құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 53%-ға аз. Тамыз айында бұл көрсеткіш 709,1 миллион жолаушы-шақырымды құрап, шілде айымен салыстырғанда 18,3% артты.
Оқи отырыңыз:
- Құс тұмауы адам үшін қауіпті ме — ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді
- Нұр-Сұлтан Конгресс-Холлының экс-директоры 1,8 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- «Мемлекет үшін халықтың несиесін жабу онша қиын шаруа емес» — қоғам белсендісі