Жыл басынан бері Қазақстанда аудандық және облыстық деңгейдегі 9 әкім отставкаға кету туралы өтініш берді, алтауы қызметтен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, тоғыз айдың ішінде аудандық және облыстық деңгейдегі 9 әкім отставкаға кету туралы өтініш берген. Алтауы жұмыстан шығарылды. Екі әкімнің отставкасы қабылданған жоқ.
«Сәтбаев қаласының әкімі Ыдырысов пен Алматы облысы Панфилов ауданының әкімі Өмірәлиевтің отставкасы қабылданған жоқ. Облыс әкімдері оларға «сөгіс» жариялады. Сәтбаев әкімі өтініш бермесе де болар еді. Өйткені оның қарамағындағы қызметкер жемқорлық қылмысын жаңа заң қабылданғанға дейін жасады», — деп мәлімдеді агенттіктен.
Жуырда Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов отставкаға кетті. Ол бұл қызметті 2011 жылдан бері атқарған еді. Бұған дейін хабарланғандай, 13 қыркүйекте оған тікелей бағынатын Рудный қаласы Қашар кентінің әкімі Алдонғаровқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.
Сонымен қатар, қазір Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Нұртаевтың отставкаға кету туралы өтініші қаралып жатыр. Оның орынбасары сотталған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Трамп пен оның жұбайы Меланияның сауығып кетуін тіледі
- Қасқырдың қырық алты қасиеті
- «Әкімдер білім басқарма басшыларына праймеризден жеңіп шығу тиіс депутаттардың тізімін беріп жатыр» — заңгер