Қазақстанда вакцина алмаған балалар құқығын шектеу қарастырылады

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Вакцина алмаған балалардың сауда орталықтарына кіруіне шектеу ойлап табу қарастырылатыны туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта шектеу тек ересек адамдар үшін қолданылады. Ал болашақта балалар үшін бұл мәселе қарастырылады, – деп жауап берді Алексей Цой.

Үкімет аясында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы вакцинадан кейін Ashyq-та балалардың мәртебесі пайда болады ма деген сұраққа жауап берді.

Министр: «Әзірге тек ересек адамдарда ғана», – деп жауап берді.

12 қарашада ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният вакцинадан кейін балалар вакцина паспорттарын алатынын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Pfizer вакцинасын егу басталды. Қазірдің өзінде 13 бала мен 247 жүкті және бала емізетін әйел вакцина алды.

20 қарашаға дейін вакцинаның екінші партиясын жеткізу күтілуде.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз