Басты бет Оқиға Жол-көлік оқиғасы Қазақстанда жыл сайын 15 мыңнан астам жол апаты болады: әр жетінші адам...

Қазақстанда жыл сайын 15 мыңнан астам жол апаты болады: әр жетінші адам қайтыс болады

Апаттар көбінесе, қатысушылардың ЖЖЕ бұзуы нәтижесінде орын алады. Бірақ, жол жүру ережелерін әрдайым сақтағанның өзінде, апатқа ұшырау тәуекелі баршылық. «Freedom Finance Insurance» Сақтандыру компаниясының мамандары ЖКО ықтималын азайту және өзін одан қалай қорғау керек жолдарын айқындады, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

Жыл сайын Қазақстанда 15 мыңнан астам апат болады. Әр апатта, кем дегенде, бір адам жарақаттанады, ал әрбір жетінші адам — қаза табады. Статистика Комитетінің мәліметтері бойынша, еліміздегі ең апатты аймақ – Алматы. 2018 жылы Оңтүстік астананың 100 000 адамына шаққанда, 246 апат құраған. Ең «қауіпсіз» аумақ – Солтүстік Қазақстан облысы (100 000 адамға – 32 апат).

Қазақстанда жол апаттарының кең тараған себептерінің бірі – ЖЖЕ сақтамау. Алайда, апатқа ұшырау ықтималының көптеген факторлары бар. Ең өріс алғаны- ЖЖЕ бұзу, жылдамдықты асыру, алкогольдік және есірткелік мастану, шаршау, ауа райының күрделі жағдайларында жол жүру, қараңғы түскенде жүру, көліктің техникалық ақаулары және көру мүмкіндігінің жеткіліксіздігі.

«Freedom Finance Insurance» Сақтандыру компаниясының мамандары талдау жасап, апатқа ұшырау ықтималын азайту бойынша ұсыныстар тізімін дайындады.

ЖЖЕ сақтаңыз. Бұл ЖКО-ның ең кең таралған себебі. Жылдамдықты асыру, жүру барысында ұялы телефонын пайдалану, қарама қарсы жолаққа шығу – бұзу ережелерінің тізімі жетерінше ұзақ. Сондықтан, ЖКО ықтималын азайту үшін, ережелерді сақтаңыз! ЖЖЕ сақтауға жататыны: барлық жол жүру қатысушыларына ілтипат білдіру.

Алкогольдік және есірткелік мастану күйінде, көлікті басқармаңыз. Ұсыныс айқын болғанымен, оны көпшілік орындамайды. Сондықтан, масайған көлік басқарушылардың кінәсі бойынша, Қазақстан жолдарында жылсайын ондаған апаттар орын алуда. Өкінішке орай, кейбіреулері өлімге апаруда. Сәл мастанған халі, жүргізушінің реакциясына әсер етеді. Сәл мастану деген-қан құрамында 0,3 –0,5 промилеге дейін алкогольдың болуы. Бірақ біз, қан құрамында алкогольдің 0,3 промиле немесе одан кем болуы жағдайда да, көлік басқару мүмкін емес деп ескертеміз.

Автокөліктің техникалық ахуалын қадағалап байқаңыз. Көліктің кенеттен бұзылуы, ЖКО болуына кең таралған себептердің бірі. Сондықтан, арнайы техника (мысалы, автобус) жүргізушілері, жолға шығу алдында көліктің техникалық ахуалын тексеруге міндетті. Бұны жай көлік жүргізушілері де, назарына алуға тиіс. Және де, егер сіздер автокөліктің техникалық ахуалын тұрақты қадағаласыңыз, оны жөндеу шығындарын үнемдейсіз.

Көлік басқару барысында, ұялы телефонын пайдаланбаңыз. Зерттеу нәтижелері бойынша, көлік басқару барысында, ұялы телефонын пайдаланбау, апатқа ұшырау ықтималын 6 есе қысқартады. Бұл дәйек-жүру кезінде смартфонды шетке алып қоюға жағымды сылтау.

Жол жүрудің басқа қатысушыларына шыдамдылық білдіріңіз. Көлік басқару кезінде эмоцияларға берілу – бұл назардан, жинақталудан айырылу, бұның барлығы, ЖКО болу ықтималын ұлғайтатын фактор болып танылады. Сондықтан сабырлы болыңыз, басқаларға төзімділік көрсетіңіз.

Арнайы гаджеттер қолданыңыз. Көптеген замануи автомашиналарда ішіне ойып қондырылған гаджеттер көп, олармен көлікті басқару оңайға түседі. Мысалы, борттық компьютер немесе артқы көрініс камерасы. Егер сізге бірнәрсесі жетіспесе (мысалы, GPS-навигатор), оны кез келген дүкенде табуға болады. Бірақ, есіңізде болсын – бірде бір гаджет сізге толық қауіпсіздікке кепіл бермейді, сондықтын тек өзіңізге сеніңіз.

Алаңдамаңыз. Автокөлік аса қауіп көзі, ал көлік басқару – маңызды және үздіксіз жұмыс деп, бекер танылмайды. Бұл жүргізуші тарапынан аса назарлықты, жауапкершілікті талап етеді. Алаңдамау үшін, кез келген алаңдатушы құралдарын шегеріңіз: ұялы телефон, дауысты хабарламалар, радио, қондырылған теледидар.

Белбеуше тағыңыз. Бұл кеңес апатқа ұшырау ықтималын азайтпайды, бірақ, өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Әлбетте, белбеушені тек жүргізуші ғана емес, барлық жолаушылары тағуға тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Сыбайлас-жемқорлық индексі бойынша Қазақстан 113-ші орында тұр

Пара алу жағынан ішкі істер органдары алдына жан салмай келеді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары хабарлады, деп жазады «Астана»...

Алматыда аудандық соттың төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)

Алматыда Бостандық аудандық сотының төрағасы ұсталды. Судья Алтынбек Баянов пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан видеода қара...

Шымкентте «сыра королінің» сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды

Сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің қалған мүлкі электронды саудаға қойылды. Аукцион туралы Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сауда алаңында жарияланды, деп хабарлайды...

Көкшетауда курстасын құтқару үшін жанталасқан жігіттер жайлы видео таралды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті оқу орнының алтыншы қабатының терезесінен құлап түсті. Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлайды...

Елімізде бірнеше полиция қызметкері ұсталды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі істер министрлігінің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, бірнеше облыста ІІМ қызметкерлері арасында жемқорлық фактілерінің алдын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Батыс...

Әкімнің «креслосын» сатып алмақ болған шенді қызметінен айырылып тынды

Жамбыл облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлескен Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтің ісі қаралды, деп хабарлайды zakon.kz Жамбыл...

Алматылықтар мен қытайлықтар жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қытайлық жастармен болған жанжалдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода бір топ қытайлық жас ұзын айдаһардың формасын ұстап тұр....