Басты бет Қоғам Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды

Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды

Бүгін Ливандағы екінші қазақстандық бітімгершілік ротасының әскери қызметшілері БҰҰ-ның «Бейбітшілік қызметінде» медаліне ие болды, деп хабарлайды MediaWorld.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүлдені жиынтық ротаның жеке құрамына БҰҰ уақытша күштері штабының бастығы табыстады. Медальдің артқы жағында «IN THE SERVICE OF THE PEACE» деген бедерлі жазу орналасқан. Бұл «бейбітшілік қызметінде» деген мағынаны білдіріп, БҰҰ миссиясына қатысқандығын дәлелдейді. Міндеттерді орындау барысында біздің бітімгершілік рота «кәсіпқой бітімгер» мәртебесіне ие болды.

Қазақстан мен Үндістан Үкіметі арасындағы «Үнді батальонының құрамына қазақстандық бітімгершілік контингентін орналастыру тәртібі туралы» келісімге сәйкес екінші бітімгершілік рота «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» миссиясына қатысуға алты ай мерзімге бірінші ротаны ауыстыру үшін жіберілген еді. 2019 жылдың қараша айында бітімгерлер құрамы елге оралып, оларды алмастыруға үшінші бітімгершілік рота аттанады.

Бұған дейін қазақстандық әскерилер тек бақылаушылар ретінде қатысқан еді.

Жалпы, Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бастамалардың жақтаушысы және белсенді қатысушысы екендігін айта кеткен жөн. Бітімгершілік әлеуетін дамыту ҚР Қарулы Күштерін алдағы уақытта дамытудың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Израиль әскері Ливан аумағына зымырандық соққы жасаған болатын, осыған байланысты БҰҰ бөлімшелерінің құрамына кіретін Қазақстанның екінші бітімгершілік ротасы арнайы міндеттемелерге сәйкес тапсырмаларды орындау үшін толық жауынгерлік әзірлікке келтірілді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...