Қазақстандық әйел дәретханадан граната тапты

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Қаңтардың 19-ы күні әйел адам қоғамдық дәретхананы тазалап жатқан кезде гранатаға ұқсас зат тауып алған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Табылған арнайы техника іс жүзінде құқық қорғау органдары қолданатын граната болып шықты», — делінген Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта гранатаның табылған жері тексерілуде.

Бұл факт Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз