Басты бет Қоғам Қазақстандықтар 42500 теңгені екінші рет қашан алатыны белгілі болды

Қазақстандықтар 42500 теңгені екінші рет қашан алатыны белгілі болды

Егер елімізде төтенше жағдай режимі ұзартылмаса, екінші әлеуметтік төлем қазақстандықтардың шотына 11 мамырға дейін түседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Төлем бір рет тағайындалады және төтенше жағдай кезінде ай сайын төленеді. Мәселен, бірінші төлемді 6 сәуірде алса, екіншісі 6 мамырда түседі. Егер адамдар бірінші төлемді 20 сәуірде алса, екіншісі 20 мамырда, төтенше жағдай режимі ұзартылған жағдайда ғана төленеді», — деп нақтылады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Министрліктің ақпаратынша, наурызда өтініш берген азаматтар сәуірде екінші төлемін алған.

5 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан  4 миллион 478 мың әлеуметтік төлем тағайындалды.

«Оның ішінде алғашқы айда – 3 миллион 734 мың, екінші айда – 744 мың», — деп мәлімдеді ведомстводан.

5 мамырдағы жағдай бойынша 42 500 теңге алуға 8 миллион 32 мың азамат өтініш берген.

Өтініштердің ең көбі Алматы облысынан – 1,4 миллион, Түркістан облысынан – бір миллион, Алматыдан – 897,2 мың, Нұр-Сұлтаннан – 595 мың, Шымкенттен 535 мың түсті.

Әлеуметтік төлем мына санаттағы адамдарға беріледі:

  • жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері;
  • карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері;
  • жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын азаматтар;
  • Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші жеке тұлғалар;
  • қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін, салық агенттері міндетті зейнетақы жарналарын төлеген азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалар;
  • жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлері.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар министрлер мен әкімдерге қарсы петиция бере алмайды

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстандағы петиция институтын реттейтін заңды мақұлдап, қандай мәселелер бойынша петиция беруге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін сенаттың жалпы отырысында...

«Шекара» спектаклі туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жауынгерлік қызметі туралы "Шекара" атты спектакль...

Жетісу облысында нәрестені ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Жетісу облысында әйелімен ұрсысып қалған ер адам 8 айлық нәрестені тартып алып, жасырын жерде ұстап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Тәртіп бұзушы ұсталды. Ал...

Елімізде қандай салық түрі қысқарады: Қаржы министрінің жауабы

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін мәжіліс кулуарында президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда қандай салықтарды қысқарту жоспарланып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Журналистер министрден елде қашан...

Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды: 3 айда 200-ге тарта адам суға кетті

Елімізде 31 тамызда суға түсу маусымы аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаз мезгілінде ведомствоның құтқарушылары судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і –...

Джокович жаңа рекорд орнатты

Әлемдік рейтингте 2-орынла тұрған сербиялық теннисші Новак Джокович ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды BasSport.kz. Джокович 47-ші рет "Үлкен Дулыға" турнирінің жартылай финалына шықты. Осылайша ол карьерасын...

Маңғыстау облысында мектеп тапшылығы мәселесі шешілмей келеді

Маңғыстау облысы республикада туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр, деп жазады inbusiness.kz. Соның әсерінен жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны артып келеді. Жаңа мектептердің құрылысы...