Қазақстандықтарға Наурызды отбасы шеңберінде атап өтуге кеңес берілді

45
Фото: inbusiness.kz

Қазақстандықтарға санитарлық нормаларды сақтау және Наурыз мейрамын отбасы аясында тойлау керектігі ескертілді, — деді брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, деп хабарлайды zakon.kz.

Біз үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбеуге, Наурызды отбасыңызбен тойлауға кеңес береміз. Естеріңізде болса, жаңа жылдық демалыстан кейін бізде КВИ-мен ауырғандар саны күрт артты. Міне, баршаны осыны есте сақтауға және санитарлық нормаларды сақтауға, маска киюге және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырамыз, — деді Марат Шоранов.

Бұрын хабарланғандай, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 717 жаңа жағдайы тіркелді.

Жалпы республикамыз бойынша 214 806 КВИ жағдайы расталды, ал емделіп, жазылғандардың жалпы саны — 198 726.

Оқи отырыңыз: