Басты бет Қоғам Қазақстандықтар пәтерден түскен табыстың бір бөлігін нотариуске қалдыруы мүмкін

Қазақстандықтар пәтерден түскен табыстың бір бөлігін нотариуске қалдыруы мүмкін

Қазақстанда нотариустерге жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу кезінде табыс салығын ұстап қалу құқығын беру жоспарланып отыр. Бұл туралы қаржы вице-министрі Қанат Баеділов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жалпыға бірдей табыс декларациясы аясында қаржы министрлігі нотариустерге ерекше құқық беруді көздеп отыр. Нотариустер салық агенттеріне айналуы мүмкін.

«Түзетулерге сәйкес, біз жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу келісімдерінің нотариус кеңсесі арқылы өткенін қалаймыз. Мәселен, мүлікті сату кезінде сатушы мүлік кірісіне ие болса, онда нотариус ол кірістен табыс салығын бірден ұстап қалып, бюджетке аударады. Біз бұл жаңашылдықты 2021 жылы енгізгіміз келеді», — деді Баеділов сенат кулуарында.

Мысалы, қазақстандық азамат 10 миллион теңгеге сатып алған пәтерін 12 миллион теңгеге сатты делік. Сонда ол 2 миллион теңге пайда көріп тұр. Нотариус осы 2 миллион теңге мүлік кірісінен 10 процентті, яғни табыс салығын ұстап қалады.

Вице-министрдің айтуынша, келешекте сатушылар мен сатып алушылар арасында қолма-қол ақша жүрмейді.

«Мүлік кірісін анықтау үшін келісім нотариус арқылы жасалуы тиіс. Қазір бұл мәселені әділет министрлігімен пысықтап жатырмыз», — деді ол.

2021 жылдан бастап Қазақстан жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңмен көшеді. Декларанттардың жалпы саны шамамен 13 миллион адамды құрайды деп жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...