Басты бет Қоғам Қазақстандықтардың Германиядағы әрекеті видеоға түсті: желіні шулатқан оқиғаның мән-жайы

Қазақстандықтардың Германиядағы әрекеті видеоға түсті: желіні шулатқан оқиғаның мән-жайы

Әлеуметтік желіде үш қыз бен үш жігіттің алкогольдік ішімдік ішіп, билеп жүрген видеосы тарап кетті. Олардың Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігі академиясының магистранттары екені анықталды. Германияның Висмар қаласындағы Hochshule Wismar – University of Applies Sciences-те екі апталық тағылымдамаға барған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Академиядағылар бұл видео туралы білетінін айтты. Оқу ұйымының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне комиссия құрылғанын жеткізді. Ол видеоны тексеретін болады. Магистранттар өткен жылдың қараша айында тағылымдамадан өткен.

«Тексеріс қорытындысы оларға қатысты тәртіптік шара қолдануға негіз болады. Видеодағы ақпарат дәлелденіп, магистранттар академиядан шығарылатын болса, оларды оқытуға жұмсалған қаражат толықтай қайтарылады», — деді сот төрелігі академиясындағылар.

Видеодағы магистранттардың академияға екі жыл бұрын түскені айтылып отыр.

«Олар мемлекеттік органдардың, яғни министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлері «, — деді баспасөз қызметі.

Сот төрелігі академиясында оқу мен диплом магистранттардың судья қызметіне автоматты түрде түсетінін білдірмейтінін айтты. Олар жоғары сот кеңесінің іріктеуінен өтуі тиіс.

«Егер бұған дейін әрбір төртінші кандидат конкурстан өтсе, өткен жылдан бері іріктеу ережесі қатаңдады. Енді әрбір он екінші үміткер ғана өте алады «, — деді мекемеде.

Шетелдік тағылымдаманы ұйымдастыруға жауапты болған лауазымды тұлғалар қазіргі уақытта мекемеде қызмет етпейді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...