Басты бет Экономика Қаржы Қазақстандықтардың көбі зейнетақысын баспанаға жұмсай алмауы мүмкін

Қазақстандықтардың көбі зейнетақысын баспанаға жұмсай алмауы мүмкін

Қазақстан азаматтарының аз ғана бөлігі зейнетақы жинағын баспана сатып алуға жұмсауы мүмкін. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова осындай болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі зейнетақы жинағын пәтерге жұмсау бойынша ұлттық банкпен тығыз жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Статистиканы зерделеп жатырмыз. Өкінішке қарай, ол республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік зейнетақының көлемі жыл сайын өсіп бара жатқанын көрсетіп отыр», — деді Ибрагимова үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, зейнетке шыққан кезде, әр қазақстандықтың зейнетақысы жалақысының 70 процентін құрауы керек. Яғни, мұндай зейнетақы алу үшін адамның қордағы жинағы да жеткілікті болуы тиіс. Алайда қазақстандықтардың көбінде зейнетақы жинағы мардымсыз.

«Сондықтан, қазір талқыланып жатқан механизм зейнетақы жинағы жеткілікті салымшылардың аз ғана бөлігіне қатысты болатын шығар. Әлі қосымша есептеулер жүргізіліп, мәселе жіті пысықталады», — деді ол.

ТҚЖБ басшысы зейнетақы жинағына қатысты мәселе жан-жақты сараланып, жыл соңына қарай нақтыланатынын айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында азаматтарға зейнетақы жинағын баспана мен білімге жұмсауға рұқсат беру жағын қарастыруды тапсырған еді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...