Қазақстанның дзюдодан жастар құрамасы Еуропа кубогінде көш бастады. Бұл туралы Дзюдо федерациясына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.
29-30 шілде күндері Германия астанасы Берлинде жастар арасындағы Еуропа кубогіне дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы қатысты. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде ел құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде бірінші орынға тұрақтады.
Турнир жеңімпаздарының тізімі мынадай:
1-орын: Аман Бақытжан (60 кг),
1-орын: Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг),
1-орын: Максим Мейірлан (81 кг),
2-орын: Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг),
2-орын: Аружан Ережепова (52 кг),
2-орын: Жалғас Хайрулла (81 кг),
2-орын: Құдірет Досымов (90 кг),
2-орын: Карина Такиева (+78 кг),
3-орын: Жанарыс Рахметқали (66 кг),
3-орын: Нұржан Бисенов (81 кг).
Айта кетейік, Еуропа кубогіне барлығы 29 елден 300-ге жуық жас татами шеберлері қатысты.