Басты бет Қоғам Қазақстандық жастар оқуын бітіргеннен кейін үш жыл ауылда істейді

Қазақстандық жастар оқуын бітіргеннен кейін үш жыл ауылда істейді

Педагогика, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квотамен білім алған ауыл жастары оқуын тәмамдағаннан кейін үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндеттелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тиісті қаулыға үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойды. Қаулы премьер-министрдің ресми сайтында жарияланған.

«Педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін, кемінде үш жыл ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда жұмысын өтейді», — делінген құжатта.

Сонымен қатар, үш жыл ауылда жұмыс істеу жөніндегі міндетке қатысты өзгерістер енгізілді.

Қаулыда ауылда жұмыс істеу міндеті қай кезде тоқтатылатыны көрсетілген:

  • білім алушы (жас маман, философия докторы (РhD)) қайтыс болса, тиісті құжаттармен расталуы тиіс;
  • жұмыс істеп жүрген кезінде I және II топ мүгедектігі берілсе;
  • заңда және осы қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларда.

Олар бюджет қаржысы есебінен жұмсалған шығындарды қайтармайды.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі Шавкат Рахмоновқа қандай уәде берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы министр Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Қазақстан...

Үкімет Ұлттық қорға қайта «қол салмақ»

Соңғы сегіз жылда ондағы активтер 16 млрд долларға қысқарған, деп жазады inbusiness.kz. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кейбір базалық инфрақұрылымдық және басқа да стратегиялық шығыстарды Ұлттық...

Өзбекстанда өткен Азия чемпионатының соңғы күні ел қоржынына екі медаль түсті

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасының соңғы күні Ұлттық құрама қоржынына...

Заңға алғаш рет “қатыгез әрекеттер” түсінігі енді

Енді қатыгез әрекеттер заңмен қудаланады. Аталған өзгерістерді бүгін Сенат депутаттары бір ауыздан мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Бүгін...

Биыл полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 1600-ге жуық хабарлама келіп түскен

Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашев айтты, деп жазады inbusiness.kz. "Жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге қатысты...

Әйгілі Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан қазақ боксшысы қайда жүр

1996 жылғы Атланта Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бақтияр Төлегенов пен америкалық Флойд Мейвезер жұдырықтасты. Кейін әлемге даңқы тараған Мейвезерге қарсы қазақ боксшысы айтарлықтай...

Атырау қаласында жасөспірім көпқабатты үйлердің бірінен құлап мерт болды

Атырау қаласында 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2 наурызда сағат 23:30 шамасында...