Басты бет Оқиға Қазақстаннан да коронавирус шықты

Қазақстаннан да коронавирус шықты

Қазақстанда коронавирустың алғашқы жағдайы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен өткен брифингте айтылды.

— Өкінішке орай, бүгінгі күні екі рет тексерілген мәліметтер — tes coronavirus нәтижесінің расталуы бар екенін көрсетті. Бұл — Германиядан келген науқастар, — деді Біртанов.

Айта кетсек, 10 наурызда еліміздің бас сантитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда коронавирус 11-16 наурыз аралығында анықталып қалуы мүмкін екенін жариялаған. Бұл карантиндегілерді зерттеген ғалымдар болжамы болатын.

Біздің болжамымыз бойынша, шамамен 11-16 наурызда елде коронавирус анықталуы мүмкін. Бұл тек болжам, ол расталмауы да мүмкін, — деді ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Денсаулық сақтау министрлігінің мұндай жағдайға арналған Б жоспары бар. Оқу орындары жабылып, барлық бұқаралық шаралар тоқтатылады, науқастар мен байланыста болғандарды мәжбүрлі оқшаулау талаптары жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың 6 қаңтарынан бастап коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау үшін күшейтудің төрт кезеңі жүзеге асырылды, шекараларда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді, коронавирус таралған елдермен әуе қатынасы шектеліп, тоқтатылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың 1 ақпанынан 4 наурызына дейін Қазақстанға мемлекеттік шекара өткізу пункттері арқылы барлық елдерден 1 736 462 адам келді, оның ішінде ЕАЭО елдерінен 992,623 адам. 6 қаңтардан 5 наурызға дейін Қазақстанға Қытайдан мемлекеттік шекара арқылы 33124 адам келді.

7 наурызда Қазақстан коронавирус таралуы қауіпі жоғары елдердің тізімін жаңартты.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...