Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабылды

Фото: pixabay.com

Қазақстанның бірнеше облысында жолдың нашар көрінуі салдарынан республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазавтожол» ұлттық компаниясының мәліметінше, Алматы – Ташкент –  Термез (Кенен елді мекені – Қайнар ауылы) учаскесінің 158-238 километрінде жол жабылды. Айналма жол Қордай ауылы арқылы өтеді. Алматы – Ташкент – Термез тас жолының 546-593 километрі мен Күйік асуы (594-634 километр) да уақытша жабылған.

Сонымен қатар, Қарағанды ​​облысында Екатеринбург – Алматы тас жолының бір бөлігі жабылды (Қарағандыдан Балқаш қаласына дейін 1505-1858 километр).

Айта кетейік, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты Талдықорған жолы – Қапал ауылы (0-48 километр) учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Оқи отырыңыз: