Басты бет Қоғам Қазақстанның ең ірі электр станциясы 2020 жылғы I-тоқсанды қорытындылады

Қазақстанның ең ірі электр станциясы 2020 жылғы I-тоқсанды қорытындылады

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 5,7 млрд кВтсағ. электр энергиясын өндіріп, 2020 жылғы 1-тоқсанды аяқтады. Бұл орайда, ақпан айында еліміздің аса ірі жылу электр станциясындағы 7 энергия блогының жұмысы үшін рекордтық жүктеме – 3481 МВт тіркелді. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 1986 жылғы ақпанда байқалған болатын. Ең жоғарғы нүкте ол кезде 3095 МВт-қа жетті, алайда 8 энергия блогы жұмыс істеп тұрған еді.

ЕГРЭС-1 өндірген электр энергиясының Қазақстан нарығындағы үлесі 19,4%-ті құрады. 2019 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда электр энергиясының үлесі 5,1%-ке артты.

Электр энергиясын Қазақстан нарығына сату 2019 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 31,3%-ке артып, 5,5 млрд кВтсағатты құрады. Өзбекстан Республикасының нарығына 455 млн кВтсағат электр энергиясы сатылды.

Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрылымындағы Екібастұз ГРЭС-1 республика энергетикасының көшбасшысы болып табылады. Мәселен, өткен жылдың өзінде ғана электр станциясы 18,3 млрд кВтсағ.электр энергиясын өндірді, бұл еліміз бойынша өндірілген электр энергиясының жалпы үлесінің 17,3%-ін құрайды.

Орташа блоктік жүктемесі 455 мегаватты құрайтын жеті энергия блогы жұмыс істеп тұрған кезде, станция күзгі-қысқы маусымға толық дайын екенін көрсетті.

Өзінің тұтынушыларын электрмен үзіліссіз қамтамасыз ету мақсатында станцияда кешенді іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2019 жылы 3 энергия блогында ағымдағы және кеңейтілген жөндеу жұмыстары, ал екі энергия блогында (№3 және №5) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде бірінші энергия блогын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, басқа блоктар секілді ол да жаңа үлгідегі, тиімділігі жоғары, күл ұстап қалу деңгейі 99,6 процент болатын электрсүзгілермен жабдықталады.

Кәсіпорынның жұмыс қуаттылығын арттыру Қазақстан Республикасы үшін қажет, өйткені ол елімізде электр энергиясының тапшылығы туындау қаупін төмендетеді және ҚР ұлттық экономикасының өсуіне септігін тигізеді.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуірінде Екібастұз ГРЭС-1 өзінің мерейтойын атап өтті. Станцияға 40 жыл толды. Бүгінгі таңда станция 1400-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Өндіріс қуаттылығын арттырумен қатар, ЕГРЭС-1 Екібастұз қаласының әлеуметтік жобаларына демеушілік көмек көрсетіп, қоғамдық қайырымдылық қорларына, мәдени-бұқаралық іс-шараларға қолдау білдіріп, өңірдің әлеуметтік тыныс-тіршілігіне белсене қатысады.

Оқи отырыңыз:

Фото: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наши аккаунты в социальных сетях:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

А также наша группа в Facebook

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі Шавкат Рахмоновқа қандай уәде берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы министр Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Қазақстан...

Үкімет Ұлттық қорға қайта «қол салмақ»

Соңғы сегіз жылда ондағы активтер 16 млрд долларға қысқарған, деп жазады inbusiness.kz. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кейбір базалық инфрақұрылымдық және басқа да стратегиялық шығыстарды Ұлттық...

Өзбекстанда өткен Азия чемпионатының соңғы күні ел қоржынына екі медаль түсті

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасының соңғы күні Ұлттық құрама қоржынына...

Заңға алғаш рет “қатыгез әрекеттер” түсінігі енді

Енді қатыгез әрекеттер заңмен қудаланады. Аталған өзгерістерді бүгін Сенат депутаттары бір ауыздан мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Бүгін...

Биыл полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 1600-ге жуық хабарлама келіп түскен

Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашев айтты, деп жазады inbusiness.kz. "Жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге қатысты...

Әйгілі Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан қазақ боксшысы қайда жүр

1996 жылғы Атланта Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бақтияр Төлегенов пен америкалық Флойд Мейвезер жұдырықтасты. Кейін әлемге даңқы тараған Мейвезерге қарсы қазақ боксшысы айтарлықтай...

Атырау қаласында жасөспірім көпқабатты үйлердің бірінен құлап мерт болды

Атырау қаласында 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2 наурызда сағат 23:30 шамасында...