«Самұрық-Энерго» қазақстандық аса ірі электр энергетикалық холдингінің электр энергиясын және көмір өндіретін барлық стратегиялық ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеуде. Төтенше жағдай кезеңінде кәсіпорын жұмыскерлері коронавирус инфекциясының тарқалуына жол бермеудің шараларын қолға алуда, деп хабарлайды «Самұрық-Энерго» АҚ баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылғы 18 наурыздағы жағдай бойынша холдинг компаниялары айдың басынан бері 1 633 561 мың кВт/сағ. электр энергиясын өндірді, бұл жоспардың 108%-тін құрайды. Жыл басынан бері станциялар жоспарланған 7 704 667 мың кВт/сағаттың орнына 7 651 506 мың кВт/сағат электр энергиясын өндірді, бұл жоспардың 99%-і .
Жұмыскерлер ауырмауының алдын алу мақсатында, «Самұрық-Энерго» АҚ-да және оның құрамына кіретін электр энергетикалық компанияларында Жедел әрекет ету штабтары құрылып, коронавирус инфекциясы тарқалуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бұл іс-шаралар аясында станцияларда тұтас шаралар кешені іске асырылуда, солардың қатарында – персоналды тасуға арналған көлік құралдарын санитарлық тазалау, сондай-ақ жұмысқа арналған және тұрмыстық үй-жайларды таза ұстау, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралардың барлығын тоқтату, жұмыскерлердің барлығын күшейтілген медициналық тексеруден өткізу, медициналық бетперделер, тепловизорлар, қашықтан өлшейтін инфрақызыл термометрлер және т.б. сатып алу. Кәсіпорындардың барлық цехтары мен бөлімшелеріндегі ақпараттық тақтайшаларда коронавирусты жұқтырмаудың алдын алу туралы ақпарат орналастырылды.
Станциялардың жұмысы туралы ақпарат:
Бұл күндері Екібастұз ГРЭС-1 6 блоктік режимде жұмыс істеуде (бір блок жоспарланған жөндеуде тұр). 1-тоқсанның қорытындысы бойынша өндіру жоспары 15%-ке артық орындалады деп күтілуде (жоспарланған 5092,5 млрд. кВт/сағаттың орнына іс жүзінде шамамен 5966 млрд. кВт/сағат). ГРЭС-1-ден Өзбекстанға экспортталған электр энергиясы жыл басынан бері 434,5 млн. кВт/сағатты құрады.
Екібастұз ГРЭС-2 бір блоктік режимде жұмыс істеп тұр, алайда наурыздың соңынан бастап екінші энергия блогін іске қосу жоспарланған.
«АлЭС» АҚ-ның станциялары да электр энергиясын жоспарлық көрсеткіштен асыра өндірді (наурызда – 4 %-ке, жыл басынан бері – 1 %-ке).
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның су станциялары – Мойнақ СЭС және Шардара СЭС-інің жыл басынан электр энергиясын өндіруі жоспар деңгейінде. Шардара СЭС-інде төрт жаңа су агрегатының бәрі де іске қосылғаннан кейін, белгіленген қуаттылығы наурыз айында 26%-ке артып, 126 МВт-ты құрады.
Жаңартылатын энергия көздерімен жұмыс істеп, энергия өндіретін компаниялардың көрсеткіштері де жақсы. ЖЭС-тер наурыз айында электр энергиясын жоспардан 65%, КЭС-тер 35% асыра өндірді.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің көмір кеніштерінен наурызда жоспардағы 2 144 млн. тоннаның орнына 2 398 млн. тонна көмір тиелді. Жыл басынан бері көмір тиеу 10,3 млрд. тоннадан асып түсті.
Оқи отырыңыз:
- Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақ Қарағандыға қонды – жолаушылар карантинге алынды
- Дүкендер, кафелер мен сұлулық салондары төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істейді
- Қазақстанда коронавирустың таралуы қашан төмендеуі мүмкін
Фото: «Самұрық-Энерго» АҚ баспасөз қызметі
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай—ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз