Фото: pixabay.com

«KEGOC» АҚ ұлттық операторы елдің оңтүстігіндегі елді мекендерге жарық берілгенін хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жақында Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары жарықсыз қалған болатын.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «KEGOC» ұлттық операторы желіде 500 кВ-ты сөндіргендіктен, төрт облыстың тұрғындары жарықсыз қалған.

«Қазіргі уақытта шектеу алынды, электр энергиясын беру қалпына келтірілді. Абоненттерді қосып жатырмыз», — деді баспасөз қызметі.

Мамандар себебін анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз: