Қазақстанның солтүстігінде жер үй өртеніп, 4 адам көз жұмды

Фото: Группа по связям с общественностью ДЧС Северо-Казахстанской области

Солтүстік Қазақстан облысының Май ауылында жер үйден шыққан өрт төрт адамның өмірін қиды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 29 сәуір сағат түнгі 03:28-де Ақжар ауданы Май ауылында болды. Өрт сөндірушілерге жер үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

Ауылға ең жақын өрт сөндіру бөлімі 53 шақырым жерде орналасқан. Көршілердің айтуынша, өрт кезінде үйде адамдар болған.

«Өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте үй ашық жалынмен жанып жатқан. Олар келгенге дейін жергілікті тұрғындар 1963 жылғы әйелдің денесін тауып, сыртқа шығарған. Өртті сөндіру кезінде үш ер адамның мәйіті табылды: 1958 жылғы үй иесі мен оның 1975 және 1967 жылғы қонақтары», — делінген хабарламада.

Жер үй түгі қалмай жанып кетті
Фото: Группа по связям с общественностью ДЧС Северо-Казахстанской области

Сондай-ақ өрт сөндірушілер үйден бір газ баллонын алып шықты.

Тілсіз жау таңғы бесте ауыздықталып, қырық минуттан кейін толығымен сөндірілді.

Жер үй түгі қалмай жанып кетті. Қазір өрттің себебі мен материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Көршілердің айтуынша, қаза болғандар ішімдікке әуес болған.

Оқи отырыңыз: