«Қазіргі телеарна мен радиолар халықтың миын қоқыс жәшігіне айналдырып жатыр» – журналист

100
Фото: Сәуле Әбілдаханқызының facebook парақшасынан

Журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы отандық арналардағы сапасыз дүниелердің салдарынан қазіргі жас буынның әнге, өлеңге, поэзияға, музыкаға деген талғамының төмендеп бара жатқанына алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, бүгінгі ТВ, радиолар бәрі жабылып халықтың миын қоқыс жәшігіне айналдырып жатыр.

«Кейінгі 15-20 жылда ТВ, радиодан берілетін қоқыс әндерді естігенде, «мектепте ән (музыка) сабағында не оқытып, үйретеді екен?» деп ойлаймын…

Біздің ұрпақтың әнге, өлеңге, поэзияға, музыкаға деген талғамын жалғыз «Ауыл кеші көңілді» деген кітап қалыптастырған еді… және аптасына бір болатын «Замандас», жылына бір болатын «Тамаша» нағыз әннің, нағыз өлеңнің қандай болатынын санамызға сіңірген екен-ау…

«Көктемді қондырып қанатына…»

Ғажап сөз, керемет картина, көркем метафора ғой иә?..

Музыка пәнінің мұғалімдері! Апайлар мен ағайлар! Мектепте балаларға «Музыка» сабағында нота, сольфеджио оқытпай-ақ, осы «Ауыл кеші көңілді» кітабындағы әндерді жаттатып шығарсаңыздар, соның өзі үлкееееен мектеп болар еді….

Бүгінгі ТВ, радиолар бәрі жабылып халықтың миын қоқыс жәшігіне айналдырды…» , — деп атап өткен ол өзінің facebook парақшасында.

Оқи отырыңыз: