Басты бет Экономика "ҚазМұнайГаз" дағдарыстан келетін шығын туралы айтты

«ҚазМұнайГаз» дағдарыстан келетін шығын туралы айтты

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары — қаржы директоры Дәурен Қарабаев мұнай дағдарысынан келетін шығын туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Осы жолы мұнай бағасының құлдырауы 2014-2015 жылдардан да қатты болды. Дәл қазір қандай бір болжам жасаған қиын. Дегенмен, қазіргі жағдай біздің қаржылық көрсеткіштерімізге теріс әсер ететін болады», — деді Қарабаев бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, биыл бірінші тоқсанда «ҚазМұнайГазға» қарасты компаниялар, бірлескен кәсіпорындар мен мұнай өңдеу зауыттары шығынға батты. Алайда мұнай тасымалдау мен газ өндіру салаларының жағдайы жаман емес. Себебі осы екі секторға мұнай бағасының құбылуы қатты әсер етіп отырған жоқ.

«Бұдан бөлек, 2020 жылда біз бірлескен кәсіпорындардан түсетін дивидендтер азаяды деп болжап отырмыз. Жалпы, осы жылда біздің еркін ақша ағынымыздың көрсеткіші теріс болуы әбден мүмкін. Сондықтан кәсіпорындардың жұмысын қолдау үшін жинаған қорымыздағы ақшаны пайдалануға тура келеді», — деп атап көрсетті Қарабаев.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...