Басты бет Қоғам "ҚазМұнайГаз" қызметкерлері коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінді

«ҚазМұнайГаз» қызметкерлері коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінді

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы орталық аппаратының екі қызметкері коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінді. Абырой болғанда, екеуінің де тесті теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан компанияның сайтына сілтеме жасап.

Компания хабарлағандай, бір қызметкер Франкфурттан Нұр-Сұлтанға коронавирус жұқтырған науқаспен бір ұшақта ұшып келген. Екінші қызметкер Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына дейін осы ұшақпен ұшып барған.

«Қызметкерлер алгоритмге сәйкес COVID-19 бар-жоқтығын анықтау үшін тест тапсырды, оның нәтижелері теріс болып шықты», — делінген хабарламада.

Осылайша, екі қызметкер де коронавирус жұқтырмаған болып шықты. Қазір олар үйде карантинге алынды.

Компания қызметкерлердің Қазақстан аумағында, сондай-ақ шетелге іссапарға шығуына тыйым салынғанын атап өтті.

Әкімшілік қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне ауысқан.

«2020 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция жұқтырған қызметкерлер анықталмады. Компанияның барлық кәсіпорны қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр», — деп атап өтті компаниядан.

Бұдан бөлек, мұнай мен газ өндіру, тасымалдау және мұнай өңдеу зауыттарында жұмыс қалыпты жағдайда жүріп жатыр. Мұнай өнімдерінің тапшылығы байқалмайды, деп сендірді ҚазМұнайГаз.

Қазақстанда коронавирус

Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде тоғыз адам коронавирус жұқтырған: жетеуі Алматы қаласында, қалған екеуі Нұр-Сұлтанда.

Вирус жұқтырғандардың арасында он екі жасар бала бар. Ол Алматыға Германиядан ұшып келген.

16 наурыз таңғы сағат 08.00-ден бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 15 сәуір  таңғы 07.00 дейін күшінде болады.

Осыған байланысты азаматтар үшін ел аумағына кіру және шығу шектелді.

Ірі сауда ойын сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, фитнес орталықтар, бар, түнгі клубтар мен моншалар жұмысын тоқтатты. Супермаркеттер мен базарлар, дүкендер жұмыс істей береді.

Мектеп оқушылары дүйсенбіден бастап каникулға шықты.

Балабақшалар жабылған жоқ, бірақ баланы апару-апармауды әр ата ана өзі шешеді.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...