Басты бет Оқиға Қазығұртта 8-ші сынып оқушысы мектептің алдында жұмбақ жағдайда көз жұмған (видео)

Қазығұртта 8-ші сынып оқушысы мектептің алдында жұмбақ жағдайда көз жұмған (видео)

Фотода видеоның скриншоты

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды. Қазығұрт ауылындағы мектеп-лицейдің 8-ші сынып оқушысы Бейбарыс Нұралы мектеп ауласынан ес-түссіз күйде табылған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Сыныпта екі күннен бері маза жоқ. Сыныптастары сегіз жыл бойы бірге оқыған Бейбарыс Нұралының жоқ екеніне әлі сене алмай жүр. Партасы бос тұр. Сейсенбі күні соңғы сабақ – дене шынықтыру пәнінен шыққан Бейбарыс үйіне жете алмаған.

— Мен келген кезде оның басы мына жақта, аяғы ар жақта болған. Мойны жібермей тартылып қалған болатын. 

Мұғалімдер сұлық жатқан баланы дереу аудандық ауруханаға жеткізгенімен, 14 жасар Бейбарыс тілге келмей көз жұмады. Мектептің бірнеше жеріне қойылған камераға Бейбарыстың құлаған жері түспей қалыпты. Дегенмен өз тексерісін жүргізген білім бөлімі баланың соңғы сабақта бозарып отырғанын және сол күні мектеп ішінде сыныптасымен шекісіп қалғанын анықтаған.

Асан Үйсінбаев, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің басшысы:

— Зерделеу барысында мектептегі бейнебақылауда ішкі істер бөлімі байқаған кезде, ол баланың Асанов Рамазан деген оқушымен, яғни өзінің сыныптасымен арасында кикілжің болғаны анықталды.

Тексеріс енді басталды десе де, білім бөлімі балалардың жабылып соққанын жоққа шығарады. Оқуда жүріп талып қалғанын мектептен емес, көшедегі біреулерден естіген Бейбарыстың әкесі, оған сыныптастары жабылғанын айтып, мектеп басшылығы абыройын төкпес үшін жылы жауып отырғанына сенімді.

Ғабиден Батырханов, марқұмның әкесі:

— Сынып оқушылары «Бейбарысты теуіп жатқанын көрдім» дейді бір бала. «Бес бала» дейді. «Кейін ол талып қалды» — дейді. Балам талған жоқ, сол кезде кетіп қалған. Жанды жеріне тиген де…

— Жабылған кімдер екен?

— Сыныптастары. «Анам екеуіңізді асыраймын. Менде мал болады, қора болады» деген еді. Арманы сол еді, арманымен кетті.

Ал әуелде «Бейбарысты құрдасы итеріп қалып, содан құлап өлді» деген полиция, енді алғашқы жауабынан айнып, «кінәлілер әзірге анықталған жоқ» деп отыр.

Арман Ақшораев, Қазығұрт аудандық ПБ бастығы:

— ҚР ҚК 104- бабымен қылмыстық қозғалды. Абайсызда өлім келтіру.

Баланың өлімінің нақты себебі тек сараптама қортындысынан кейін айтылады. Оны жарты айдай күту керек. Ал мектепке кетіп, мүрдесі мәйітханадан бір-ақ шыққан Бейбарыстың жақындары «оқушылардан өзге мектеп басшылығы да жауапқа тартылсын» дейді. Кінәлілер жауаптан «құтылып кете ме?» деп қауіптенген марқұмның жақындары істі прокуратура бақылауға алғанын қалайды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...