Бүгін — халықаралық темекіден бас тарту күні

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Шылым шегуден бас тартудың халықаралық күні қараша айының үшінші бейсенбісінде атап өтіледі, деп жазады Jambylinfo.

Оны 1977 жылы Америкалық онкология қоғамы бекіткен. Мақсаты — темекі шегудің таралуын азайту, халыққа адам денсаулығына темекінің зияны туралы ақпарат беру.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, темекі шегудың нәтижесінде пайда болған аурулардан жыл сайын жер бетінде шамамен 7 млн тұрғын қайтыс болады.

Қазақстанда 15 және одан жоғары жастағы темекі шегушілер шамамен 1/3 бөлігін құрайды. Егер бұл зиянды әдет ер адамдарға тән деп есептелген болса, соңғы уақытта әйелдер арасында темекі шегудің таралу әдеті байқалуда.

«Темекі түтіні тыныс алу жолдары, жүрек-қантамыр, ас қорыту және орталық нерв жүйесінің ағзалары ауруларының дамуына әсер ететіндігі белгілі. Темекі шегушілерді «домен пешпен» салыстырады, себебі темекінің қызу температурасы 10 мың градус, ал жану температурасы 3 мың градус. Бұл бронхының қорғаныш жыбырлақ эпителиясының күюіне әкеледі. Коронавирус инфекциясының пандемиясы кезінде бұл одан да үлкен қауіп төндіреді және зақымданған жағдайда ауыру ағымының ауырлығына әсер етеді», — дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарының терапевт дәрігері Гауһар Қожакеева.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз