Басты бет Қоғам "Бұйыртса, енді оралман емес, қандас дейміз – министр

«Бұйыртса, енді оралман емес, қандас дейміз – министр

«Оралман» сөзін «қандас» дегенмен алмастыру жайы талқыланып жатыр», — дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Мәжілістен тыс дәлізде журналистерге берген сұқбатында, деп хабарлайды zakon.kz.

— Мемлекет басшысы «оралман» терминін «қандас» етіп өзгерту туралы тапсырма бергенін білетін боларсыздар. Сондықтан, бұл норма осы заң жобасында талқыланады және егер болашақта заң қабылданатын болса, «оралман» ұғымы «қандас» сөзімен ауыстырылады», — деді Нұрымбетов.

«Көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының қорытындысында көрсетілгендей, Отанға оралған этникалық қазақтарға қолайлы жағдай жасау және сыртқы еңбек көші-қонының тиімді жүйесін құру, көші-қон заңнамасын жетілдіру үшін осы заң жобасы әзірленді.

19 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи отанына оралған қазақтарға қатысты «оралман» сөзінен бас тартып, оның орнына «қандас» сөзін пайдалануды тапсырды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...