Басты бет Қоғам "Бұл оба және апокалипсис емес": Біртанов коронавирус туралы айтты

«Бұл оба және апокалипсис емес»: Біртанов коронавирус туралы айтты

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды коронавирустың ел бойынша таралуына жол бермеу үшін қолға алынған шаралардан қорықпауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елжан Біртанов «Еуразия» телеарнасындағы cұхбаты барысында қауіпті инфекцияның таралатынын мойындады. Бірақ оның айтуынша, одан қорқудың қажеті жоқ, өйткені коронавирус, оба мен апокалипсис емес. Бұл қауіпсіздік шараларын сақтап, қорғануға болатын инфекция.

Алайда вирусқа немқұрайлы қарауға болмайтынын да атап өтті.

«Бірақ бұл ақырзаман емес. Ауру өзінің шыңына жетіп, төмендей бастайды. Карантиндік шаралар өз әсерін береді. Міндетті түрде», — деп сендірді Біртанов.

Министрдің мәліметінше, бүгінде елімізде COVID-19 диагностикасының жеткілікті саны бар. Бірақ жаңа вирустың бар-жоғына түбегейлі тексеру жүргізудің ешқандай мәні жоқ, себебі бүгінгі күні «таза» болған адам ертең ауру жұқтырған адаммен байланыста бола алады.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирусты анықтау үшін қосымша зертханалар ашылатынын мәлімдеді, алайда оның айтуынша, емханалар мұндай қызметті көрсетпейді.

Оқи отырыңыз:

Фото: KAZ.NUR.KZ

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Баға бақылауда болуы тиіс

Жамбыл облысы әкімінің төрағалығымен өткен кезекті жиында азық-түлік тауарларының бағасы сөз болды. Базарда бағаның күн сайын құбылып тұрғанынан аймақ басшысының өзі хабардар. Сондықтан Нұржан...

Нұр-Сұлтанда әйелді тонап кеткен сәт видеоға түсіп қалды

Нұр-Сұлтанда супермакеттің алдында отырған әйелді тонап кетті. Қылмыс видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. Бейнежазбада ер адам әйелдің жеке...

Қазақстан гендерлік теңдік рейтингінде өз көрсеткішін жақсартты

Дүниежүзілік экономикалық форумның "Жаһандық гендерлік алшақтық 2022" баяндамасының деректері бойынша Қазақстан гендерлік теңдік бойынша өз көрсеткішін жақсартты және жаһандық рейтингте 80-орыннан 65-орынға дейін көтерілді,...

Өндіріс бар жерде экономика тұраламайды

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленді. Мақсаты – кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ынталандыру, тығырықтан...

«30 жасқа дейін тұрмысқа шығуға рұқсат бермес едім»: Құралай Анарбекова аруларға өз кеңесін айтты

Отандық танымал актриса Құралай Анарбекова жас аруларға өз әпкелік кеңесін беріп, оларды тұрмысқа шығуға асықпауға шақырды. Өнер иесінің сөзінше, бойжеткендер отбасын құрмас бұрын жоғары...

«Басқаға тәуелді болады»: Сарапшылар TikTok-тың бала психологиясын бұзатынын айтып, дабыл қақты

TikTok-қа тоқтау болмай тұр. Онда жартылай жалаңаш қыздар камера алдында билеп, жігіттер ерсі қылықтарымен елдің есін шығарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап. Ал...

Ток соққан адам аман қалды

Медицина саласындағы ең негізгі, әрі аса қажетті көмектің бірі – жедел жәрдем қызметі. Аты да айтып тұрғандай, тұрғындар алғашқы көмекке зәру болғанда жедел ғана...