ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ-дегі брифингте мектептерде смартфон пайдалануға шектеу енгізуді көздейтін бұйрық жобасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.
– Бұл бұйрық қоғамдық талқылау үшін шығарылып отыр. Мұндай бұйрықтар қоғамның пікірін, педагог-әріптестеріміздің пікірін білу үшін шығарылады. Сондықтан бұйрық талқыланып болғаннан кейін біз қоғамдық порталға түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлерге қарап, міндетті түрде тиісті өзгертулер енгіземіз, – деді Каринова.
Оның сөзінше, мұндай жұмыс бұл бұйрыққа ғана қатысты емес, БҒМ шығаратын барлық бұйрықтар бойынша жүргізіледі.
– Телефон пайдалануды шектеу мәселесі көптен бері талқыланып келеді. Әрі тек біздің елде ғана емес. Түрлі пікір бар. Біз бұл мәселені әлі де зерттеп, түпкілікті шешім қабылдаймыз, – деді ол.
Оқи отырыңыз:
- Түркістан. «Үйде ішкізбеймін!» деген анасына баласы жұдырық ала жүгірді
- «Болды, кетемін». Владимир Божко Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметінен кететінін айтты
- Cайлау өтті. Сайлаушылардың 63,3%-ы дауысын берді