Басты бет Оқиға БҚО-да кәсіпкер мен шендінің арасындағы кикілжің сотқа жетуі мүмкін

БҚО-да кәсіпкер мен шендінің арасындағы кикілжің сотқа жетуі мүмкін

Батыс Қазақстан облысында тендерді шенділерден қорқытып алатындар пайда болғандай. Теректі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мемлекеттік сатып алу конкурсынан жеңілген кәсіпкер өзіне қастандық жасағанын айтып отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Теректі ауданында «шенеунікке қасандық жасалды» деген жаңалық әлеуметтік желіде желдей есті. Аслан Даубаев бұл деректі растады. Оның айтуынша, алдымен оны қорқытқан, кейін үш адам түн жарымда үйіне баса-көктеп кірген. Атқамінер қорғану үшін пышақ шығардым дейді. Қаскөйлер қаша жөнеліпті. Алайда кейін қайта оралған. Сол кезде қолға түскен.

Аслан Даубаев, Теректі аудандық ТКШ бөлімі басшысы:

— Бұл жағдай менің жұмысыма кедергі келтірмеді. Жұмысым қалыпты жүріп жатыр. Эмоцияға берілгем-ау, өздеріңіз түсінесіздер. Қазір ештеме айта алмаймын, тергеу қортындысын күйтейік. Мен ешқайда ақпарат таратпау жөнінде құжатқа қол қойғанмын.

Атқамінер басқа мәлімет беруден бас тартты. Ал белгілі болғаны, жақында аудандағы жолды жөндеуге жарияланған тендердің қорытындысы шығыпты. Жергілікті кәсіпкер 95 млн теңгенің жұмысын жеңіп алатынына сенімді болған. Бірақ жеме-жемге келгенде мемлекеттік тапсырысты басқа біреу ұтып алған.

Нұрберген Хасанов, кәсіпкер:

— Ол кісі маған тендер беруге уәде еткен. Осы түсініспеушілік содан туындап отыр. Мен Асланға «кездесейік» деп қоңырау соққанмын. Бірақ сөзіміз жараспады. Мен ішпедім деп айтпаймын. Іштім. Бірақ көп емес. Оның үйіне келдім. Сөйлескім келді адамша. Кешірім сұрадым. Ол мені тыңдағысы келмей, «неге келдің?» деп пышақ ала жүгірді.

Осылайша кәсіпкер мен оның достарының басы дауға қалды. Қазір екі бап бойынша тергеу жүріп жатыр. Дегенмен полицейлер адамға қастандық жасалды дегені «жалған» дейді. Құзырлы орынның мәліметінше, үш азамат шенеуніктің үйіне аяқсыз қалған шаруаны тындыру үшін сөйлесуге келіпті.

Болтабек Белгібеков, БҚО ПД баспасөз хатшысы:

— Өз  арасындағы қатынасты анықтау үшін кіріп сөйлеседі. Ең алдымен біреуі сөйлеседі ғой. Екеуі сырттта қалып қояды. Содан кейін араларында түсініспеушілік пайда болады.

Бұл дерек басқа сипат алуы мүмкін. Себебі, жалған ақпар тарады деген желеумен кәсіпкер атқамінерді сотқа бермек. Оның айтуынша, Аслан Даубаевтың үйіне алдында айтылған артық сөзі үшін кешірім сұрауға барған.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеоның скриншоты

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...