Басты бет Оқиға Бұтақ арасына тығыла тұр деген: алматылық ер адамның әрекеті камераға түсіп қалды

Бұтақ арасына тығыла тұр деген: алматылық ер адамның әрекеті камераға түсіп қалды

Әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның бес жасар баланы ұрламақ болғаны туралы ақпарат пен бейнеролик тарап жатыр. Алматы қаласының полиция департаменті осыған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кадрдан әйелдің бейтаныс ер адамды телефон камерасына түсіруге тырысып жатқанын көруге болады. Ер адам болса, бұрылып, кетіп қалған. Видео 10 шілдеде көшедегі бейнебақылау камерасына жазылды.

«Көршім аулада ойнап жүрген балаларға қарап күлімсіреген бөтен ер адамды байқайды. Ол бүлдіршіндердің бірін дүкенге шақырған. Әйел сезіктеніп, олардың артынан ілескен. Ер адам көрші әйелді көріп қалып, баладан бұтақ арасына тығылып, оны күтуді өтінген», — делінген желіде тараған ақпаратта.

Роликтегі ер адам ұсталып, баланың ата-анасының арызы негізінде полицияға жеткізілгені хабарланды. Алайда, профилактикалық әңгімеден соң, полиция оны жібере салған.

Тілші Алматының полиция департаментіне хабарласып, мән-жайды білді. Полиция бүлдіршіннің әке-шешесі осы оқиға бойынша құқық қорғау органдарына арызданғанын растады.

Оқиға Алматының Түрксіб ауданында болған. Полицейлер ер адамды іздеп тауып, ұстады. Ол 59 жастағы жергілікті тұрғын.

Ер адам полицияға балаға су сатып әпергісі келгенін айтқан.

Оның шын мәнінде қандай ойы болғаны тергеу барысында анықталады, деді департаменттен.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ Қазақстандағы КВИ мен КВИ тәріздес пневмония статистикасын біріктіріп, жариялады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қазақстандағы КВИ белгілері бар пневмонияны Covid-19 деп танып, өз сайтында бұл екі жағдайдың статистикасын біріктіріп жариялады, деп хабарлайды zakon.kz. Қазір...

Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды – видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық ұланның лауазымды тұлғасын ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары...

Коронавирус пен пневмония құрбандары: министрлік соңғы деректерді жария етті

Денслауық сақтау министрлігі бір тәуліктің ішінде коронавирус пен коронавирустық пневмониядан қайтыс болғандардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, кешеден бері республика бойынша...

Қыз ұзату, беташар: ауылдағылар тығылып той өткізіп жүр

Түркістан облысы, Келес ауданының полицейлері Абай ауылындағы жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде 50-ге жуық туыстарын жинап, "Қыз ұзату" тойын өткізіп жатыр деген хабарлама алысымен...

Коронавирусқа қарсы вакцинаның құны қанша болады?

Қазақстан COVAX Facility халықаралық бағдарламасына қосылды. Келісім бойынша коронавирусқа қарсы вакцина шыққан бойда оны еліміздегі халықтың 20 процентіне бірден жеткізіп береді. Бұл туралы Sputnik...

«Коронавирустан емес, жерімізді қорғап өлгеніміз артық»: Атырауда наразы жұрт көшеге шықты (фото)

Карантинге қарамастан Атырау қаласы маңындағы Жанаталап ауылының тұрғындары ауыл жанынан жеке компанияның карьер жұмыстарын жүргізуіне қарсылық білдіріп, көшеге шықты, деп хабарлайды «Ақ Жайық» газеті. «Элитстрой»...

Қазақстанда тағы бір мереке күні пайда болды

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР Үкіметінің ресми сайтында...