Басты бет Саясат Президент БҰҰ Тоқаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді

БҰҰ Тоқаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді

Біріккен ұлттар ұйымы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Көк Жайлаудағы курорт құрылысына тыйым салуына қатысты шешімін қолдайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының атына БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ольга Алгаерованың  атынан хат түскен. Ол өз хатында Тоқаевтың маңызды мәселелерді тұрғындармен талқылаған соң ғана шешім қабылдайтынын ерекше атап өткен.

«Бұл тұжырым Қазақстанның ашық және өз азаматтарының белсенді рөліне негізделген шешімдер қабылдау ұстанымын ілгерілетуін көрсетеді”, — деп жазады Ольга Алгаерова

Берік Уәли мемлекет басшысының шешімі әлем қауымдастығы тарапынан “қоғамның алаңдаушылығын ескеріп жасалған тиімді ұйғарым” ретінде ғана емес, еліміздің экология саласындағы халықаралық міндеттемелерді, соның ішінде Орхус конвенциясының қағидаттарын берік ұстануы ретінде қабылданғаны өте маңызды екенін айтты.

Еске сала кетсек, Алматыға жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Көк Жайлаудағы курорт құрылысына тыйым салған болатын.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...