Байқоңыр мектептерінде қазақ тілі оқытылады – Әбдіқалықова

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Байқоңыр қаласының барлық мектебінде қазақ тілі мен Қазақстан тарихы оқытылады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Біз Байқоңыр қаласының мектептерінде қазақ тілі, қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихын оқыту жайлы келістік. Бұл пәндер ресейлік және қазақстандық стандарттар бойынша оқытатын мектептерде енгізіледі», — деді Әбдіқалықова үкімет кулуарында.

Айтуынша, бұл мәселе көптен бері талқыланып жүр.

«Біздің мектептерде, Ресей мектептерінде қазақ балалары оқиды. Біздің бүлдіршіндер үшін өз тілі мен тарихын тану және үйрену жаңа бастама болады деген ойдамын», — деді облыс әкімі.

Қазір екі елдің білім министрліктері жұмыс механизмін пысықтап жатыр. Қызылорда облысы өз тарапынан мектептерді білікті мұғалімдермен, оқулықтармен, қажетті материалдармен қамтамасыз етеді.

Айта кетері, Ресей Байқоңырды Қазақстаннан жалға алып отыр.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз