Байқоңырда төртінші қабаттан құлап кеткен бір жасар бала аман қалды

55
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Байқоңырда бір жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұған шыбын-шіркей мен масадан қорғайтын тор себеп болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан жергілікті прокуратураға сілтеме жасап.

«Бір жасар бала масадан қорғайтын торға сүйеніп тұрып көп қабатты үйдің төртінші қабатының терезесінен құлап кетті», — деді қадағалау органдағылар.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы өте ауыр. Медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қалу үшін барлық шараларды қабылауда.

Прокурорлар оқиға болған уақытта ұлдың ата-анасы қайда болғанын және оның терезеге қалай көтерілгенін анықтап жатыр.

«Аталған факт бойынша кешен прокуроры Александр Трифонов тексеріс жүргізуге бастама болды. Тексеру барысында зардап шеккен баланың құлап кетуіне жол берген ата-анасының әрекет етіп-етпегені бағаланады», — деп хабарлады ведомстводағылар.

Естеріңізге сала кетейік, небәрі екі күн бұрын, 1 маусым күні Оралда екі жасар бала бесінші қабаттан құлап мерт болды.

Оқи отырыңыз: