Байқоңырдағы Путинді қолдау акциясына қатысты әкімдік түсініктеме берді

Фото: twitter.com/Rogozin

Байқоңырда Путинді қолдау үшін ұйымдастырылған шеруге байланысты ҚР-ның арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы түсінік берді. Бұл басқарма Қызылорда облысының әкімдігіне қарасты, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұған дейін Экспресс К-да Ресейдің әскери операциясын қолдау үшін Байқоңырда өткізілген шеруге оқушылардың қатысқаны туралы жазылған болатын. Әлеуметтік желі қолданушылары саяси акцияға қазақстандық балаларды шығарған деп наразылық білдірді. Тіпті бұл жайдан оқушылардың ата-аналары да бейхабар болды деген ақпарат тарады.

Фото: twitter.com/Rogozin

Ал арнаулы өкіл қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Байқоңыр қаласындағы митингте бірде-бір Қазақстан азаматы болмады дейді.

Фото: Жасұлан Абатов/©СЦК

Бұл — негізі Байқоңыр әкімдігі ұйымдастырған іс-шара. Мақсаты — бейбітшілікті қолдау. Бірақ акцияға осы қалада тұратын қазақстандықтар қатысқан жоқ. Мүмкін қазақтарды көріп, дау туындаған шығар. Бірақ олар — Ресей азаматтары, — дейді басқарма басшысы Жасұлан Абатов.

Оқи отырыңыз: