Басты бет Оқиға Қылмыс Балқашта 7 жасар қыз үлкеннен көрген қорлығын айтып ботадай боздады (видео)

Балқашта 7 жасар қыз үлкеннен көрген қорлығын айтып ботадай боздады (видео)

Балқашта 7 жастағы қызды зорлау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық үлкен дауға себеп болды. Басты күдікті ретінде қамауға алынған 44 жастағы қала тұрғыны тергеу кезінде өлім аузынан қалған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жанаргүл Балқаш маңындағы шаруа қожалығында жұмыс істейді. Қызы қаладағы мектеп-интернатта білім алады екен. Аманжол атты жігітпен қызын көруге келгенде танысыпты. Жалғызбасты еркектің үйінде бірер күн қонақ болған. Қызын әкеліп шомылдырып, «кір-қоңын жуып алдым» дейді. Бар сұмдық кешке жақын анасы дүкенге шығып кеткеннен соң басталыпты.

Жәбірленуші:

— Ағатай шақырды. Бір кезде мені төсекке жатқызды. Шалбарымды шешті. Сосын қолымен менің… тиісті.

Жәбірленушінің анасы:

— Дүкенге барып, заттарымды алып келе жатсам, есіктен қызымның шыңғырған дауысын естідім. Есікті тарсылдатып қақтым. Қызым ағатайдың қасында жылап тұр екен. Қызымды жұлып алдым. Ол кісі «кірші, кірші, ешкімге айтпа, айтпа, деп мені»… нетті.

Подьездегі айқай-шуға көршілерді де шыққан. Аманжолдың ана мен баланы үйге сүйреп жатқанын олар да көріпті. Аяғының арасынан қан сорғалаған қаршадай қыздың жағдайы адам шошырлық болғанын айтады.

Қызғалдақ Жұмаділова, оқиға куәгері:

— Қыз зар еңіреп жылады, зорлады, зорлады деп айқайлады. Байқұс әрең тұрды, анасының жанында, «ауырып тұр» деп. Денесі дірдір етіп қалшылдап, зар еңіреп жылады.  

Ауладағы қырқысты осы маңда өтіп бара жатқан полиция қызметкері көрген. Қаршадай қыз бен анасын Аманжолдан арашалап, әріптестеріне хабар беріпті. Жедел жәрдем оқушыны ауруханаға, полиция күдіктіні бөлімшеге әкеткен.

Ал жауап алудан кейін күдікті аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Көкала қойдай боп таяқ жеген оның аяғы сынып, тікішегі жыртылған екен. Дәрігерлер шұғыл түрде ота жасап, оның жанын аман алып қалды.

Өйткені Аманжолды тепкінің астына алғандарымен қоймай, полицейлер артына резеңке сойылды бойлата тыққан. Қазір күдіктінің нәжісі сыртқа пластик түтікшелер арқылы ғана шығады.

Жұмажан Әлібаева, күдіктінің туысы:

— Қолына кісен салғызып, батареяға байлатып, мұны сүйретіп, күйсіз күйде есіктің алдына отырғызады. Өйткені оның жарылған ішегіндегі бүкіл нәжіс, қан, бәрі іріңдеп кетеді. Осы Балқаш қаласының бес полицейі қамауға алынбай тұр.

Сараптама кішкентай қыздың зорланбағанын анықтаған. Алайда жыныс мүшесінде жарақат іздері бар екен. Ал күдіктінің туыстары тергеу ісінде көптеген «келеңсіздіктерге жол берілген» дейді. Бұған олар Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігіне жазған арыздарында тәптіштеп тоқталыпты. Сондықтан полицейлерге қатысты азаптау дерегі бойынша іс қозғалды.

Жаңатай Сембеков, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

— Аталған факті бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Іс жүргізу барысында арызданушының жазған оқиғаның аққарасы анықталатын болады.

Ауыр отадан оңала қоймаса да, Аманжол Әлібаев қазір ауруханадан тергеу абақтысына ауыстырылған. Оның тағдырын енді сот шешеді. Ал жеті жастағы бүлдіршін сол күнгі оқиғаны есіне алса, тілі күрмеліп тұтығады. Бір сұмдықты бастан өткерген қызбен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...