Түркістан облысының полициясы 3 жастағы балаға зорлық-зомбылық көрсеткен әйелді тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жантүршігерлік видеоны Айгүл Орынбек есімді желі қолданушысы Facebook-тегі жеке парақшасына жүктеген. Видеодан бүлдіршіннің қолы байланғанын, аузы орамалмен жабылғанын анық көруге болады. Сондай-ақ онда адамдардың ұрысып жатқанын анық ести аласыз.
Түркістан облысының полиция департаменті оқиға 8 қаңтар күні Сарығаш ауданында болғанын жеткізді. Тәртіп сақшылары балаға зорлық-зомбылық көрсеткен әйелді тапқан.
«Бұл жайт 8 қаңтарда Сарығаш аудандық полиция бөліміне сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Арызда жергілікті тұрғын бұрынғы азаматтық некедегі әйелі 2017 жылы туған ұлына қысым көрсетті деп шағымданды. ҚР қылмыстық кодексінің 140-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша іс қозғалды», — делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Алматы халқына «Сергек» 8 күнде 42 млн теңге айыппұл салып тастады
- Отыздан астам жемқор шетелге қашып кетті
- Головкиннің келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі болды