Басты бет Қоғам Бас прокуратура 22 ақпанда көшеге шығатындарға ескерту жасады

Бас прокуратура 22 ақпанда көшеге шығатындарға ескерту жасады

Қазақстан бас прокурорының орынбасары Болат Дембаевтың қазақстандықтарға үндеуі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бас прокуратура түсіндіру жұмыстарын жүргізгеніне қарамастан, жекелеген адамдар, соның ішінде шетелден, сондай-ақ тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» («ҚДТ») экстремистік ұйымының жақтастары әлеуметтік желілерде ел тұрғындарын заңсыз митингілерге қатысуға шақыруын жалғастыруда», — деп жазылған Дембаевтың үндеуінде.

Бас прокурордың орынбасары Мұхтар Әблязовтың билікті күшпен құлатуға және басып алуға, әлеуметтік араздықты қоздыруға жария шақыруына байланысты «ҚДТ» ұйымы Қазақстанның барлық аумағында экстремистік деп танылып, қызметіне тыйым салынғанын ескертті.

«ҚДТ» экстремистік ұйымы бейбіт ұйым болып табылмайды. Оның қызметіне қатысу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258 (экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) және 405-баптарына (экстремизмді жүзеге асыруға байланысты оның қызметіне тыйым салу туралы соттың шешімі бар ұйымның қызметіне қатысу) сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Сондай-ақ, бас прокуратура бұқаралық іс-шараны өткізуге рұқсат алғанға дейін оны ұйымдастырушының, өзге де тұлғалардың бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернетте немесе басқа ақпарат желілерінде оның өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы жариялауға құқығы жоқ екенін түсіндірді.

«Сонымен қатар, олардың осы мақсатта парақшалар, плакаттар және өзге де осындай материалдарды дайындауға және таратуға құқығы жоқ. Аталған ережелерді бұзған ұйымдастырушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылады», — деп түсіндірді Дембаев.

Басқаша айтқанда, 2020 жылдың 22 ақпанында заңсыз акцияларды ұйымдастырып, өткізгендер үшін әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданады. Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, онда кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...