Басты бет Қоғам Бас санитар дәрігер: мамыр айының соңына дейін 5 300 адам COVID-19 жұқтыруы...

Бас санитар дәрігер: мамыр айының соңына дейін 5 300 адам COVID-19 жұқтыруы мүмкін

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны қаншаға жететінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Жалпы, сәуірдің соңына дейін Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырудың 3 500 жағдайы тіркеледі деген болжам бар. Ал мамырдың аяғына дейін 5 300-дей болады», — деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі бұрынғы болжамды өзгертті. Себебі шекара жақын аймақтарда науқастардың саны артып отыр. Соңғы екі аптаның ішінде көрші елдерден келген 200 адамнан коронавирус анықталды.

«Бұның барлығы сыртқы қауіп бар екенін көрсетіп отыр. Соның негізінде біз болжамды өзгерттік», — деп атап көрсетті Есмағамбетова.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында Ресейден келген адамдардан коронавирус анықталған болатын. Көрші елден келгендердің басым бөлігі – Қазақстан азаматтары.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің айтуынша, коронавирус анықталған адамдардың көбісі Мәскеуден келген. Ал өз азаматтарымызды қабылдап емдеу – біздің міндетіміз. Ресейден келген азаматтар елді мекендерге кірмейді. Оларды дереу шекарадағы өткізу бекетінен карантиндік стационарға жатқызып отырады.

Қазіргі уақытта жүк немесе транзиттік жүктерді әкелетіндерді қоспағанда, шетел азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз:

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...