Ranking.kz компаниясы елдегі министрліктердің кадрлық тұрақсыздығына талдау жасады. Тәуелсіздік алған сәттен бері 12 премьер-министр ауысыпты, деп жазады inbusiness.kz.
Үкімет басшысылары
Кәрім Мәсімов екі рет (2007-2012; 2014-2016 жылдары) үкіметті басқарған. Біріншісінде 5,7 жыл жұмыс істеген. Сонысымен-ақ ұзақтығы жөнінен рекорд орнатты. Ал екінші кезеңде 2,4 жыл премьер-министр болды.
Жұмыс мерзімдері бойынша рейтингтің екінші, үшінші орындарына Даниал Ахметов (3,6 жыл) пен Әкежан Қажыгелдин (3 жыл) тұрақтады.
Қазіргі премьер-министрді есепке алмағанда, үкіметті ең аз уақыт басқарған – Иманғали Тасмағамбетов (1,4 жыл).
Еске сала кетейік, Тәуелсіз Қазақстанның бірінші премьер-министрі – Сергей Терещенко. Ол 1991 жылғы 16 қазаннан бастап 3 жыл жұмыс істеді.
Бүгінгі таңда елімізде 18 министрлік жұмыс істейді. Олардың басшыларының ішінде көбінесе ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінде министрлер болды: әр бөлімде 19 адам.
Ведомстволар бойынша қалай?
Кадрлар жиі ауысатын ведомстволар: қаржы (14 министр), денсаулық сақтау (14 министр) және қорғаныс министрліктері (13 министр).
Тұрақтылары, әзірге төтенше жағдайлар мен сауда және интеграция министрліктері. Оның себебі де түсінікті. Өйткені төтенше жағдайлар министрлігі 2020 жылы, ал сауда және интеграция министрлігі 2019 жылы ғана құрылған. Екі ведомствоға да тұңғыш министрлері басшылық етеді.
Оқи отырыңыз:
- «Ұлым көз алдымда құлады»: Ерекше дертке ұшыраған ақтөбелік балақайдың анасы жұмада шұғыл көмек сұрады
- Шымкентте халықты 400 миллион теңгеге алдаған үш әйел ұсталды – видео
- Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына өтініш жасады
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз