Батыс Қазақстанда жаңа штамның анықталғаны рас па

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Денсаулық сақтау министрлігі Батыс Қазақстанда «омикрон» штамы анықталды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін БАҚ-та Батыс Қазақстанда «омикрон» штамы анықталды деген ақпарат тараған болатын. Алайда көп ұзамай ол ақпарат алынып тасталды.

Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл фейк. «Омикрон» жоқ», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Ержан Байтанаев та брифинг кезінде елде жаңа штамның анықталмағынын айтқан.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз