Басты бет Қоғам Батысқазақстандық әкімдердің әйелдері қонақ күтуден шаршаған (видео)

Батысқазақстандық әкімдердің әйелдері қонақ күтуден шаршаған (видео)

Іссапармен келген жоғары лауазымды шенеуніктерді қонақ қылып, сый-сияпат көрсетуден шаршаған Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімдерінің бірі қызметінен кетті, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Ал қалған әкімдер жалақысын осындай орынсыз шығынға жұмсауға мәжбүр. Бұл туралы «Ақжайық — адалдық алаңы» жобасының басшысы Әлия Салиева мәлімдеді.

Оның сөзінше, ауылға іссапармен келген шенеуніктерге көл-көсір дастарқан жайылады. Бұл аздай, олардың көлігіне қой салып, тіпті соғымын әперу де облыстың барлық ауданында бейресми дәстүрге айналған. Шектен тыс қонақжайлықтың кесірінен енді ауылдық округ әкімдері айлығын шайлығына жеткізе алмай отыр. Қазір ауыл әкімдерінің жалақысы 140-160 мың теңге аралығында. Мұндай шығынға әкімдердің өздері ғана емес, әйелдері де наразы. Енді қызмет бабымен ауылға барған лауазымдыларға біреудің үйінен тамақ ішіп, кәсіпкерлерге салмақ салуға тыйым салынады. Яғни, ішер тамағы мен жатар орнының ақысын өз қалтасынан төлеуі тиіс. Әйтпесе олармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті айналыспақ.

Әлия САЛИЕВА, «АҚЖАЙЫҚ — АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

— Округ әкімдерінен әлде ақша жинайды әлде тамақ сұрайды. Яғни, қой сұрайды, әлде соғым талап етеді дейді. Олар айтады: «Біз өзіміз кәсіпкерлерден көмектесіп жібер», — деп сұраймыз. Бір сұраймыз, екі сұраймыз. Үшінші, төртінші рет өзіміз қалтамыздағы айлық жалақыны жұмсаймыз дейді. Сонда әйелдері айтады: «Біз мамыр айынан күзге дейін біз жолдастарымыздың айлық жалақысын көрмейміз. Сондай жағдайға жеттік», — дейді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...