Басты бет Саясат Бейбіт Атамқұлов Корея Республикасы СІМ орынбасарын қабылдады

Бейбіт Атамқұлов Корея Республикасы СІМ орынбасарын қабылдады

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Юн Сун Гуды қабылдады, деп хабарлайды MediaWorld.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде тараптар Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инаның биылғы жылдың сәуір айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысын, сондай-ақ министрдің осы айда Сеулге жасайтын ресми сапарын талқылады.

Тараптар екі елдің стратегиялық әріптестігінің маңыздылығын және өзара іс-қимылдың саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да салаларындағы қатынастарды дамыту перспективаларын атап өтті.

Екі елдің дипломаттары екі жақты байланыстардың даму серпініне қанағаттанушылық білдірді және жыл соңына дейін жоспарланған екіжақты және көпжақты іс-шараларды табысты өткізу үшін күш салуға келісті.

2018 жылы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымы 3,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Оңтүстік Кореяға салынған қазақстандық инвестициялардың көлемі 3,86 млрд АҚШ доллар, ал Қазақстанға тартылған кореялық инвестиция көлемі 1,6 млрд. долларын құрады.

Бүгінгі күні кореялық қатысуымен 1081 заңды тұлға, филиал мен өкілдіктер (Samsung, LG, SK Corporation, Hyundai, POSCO және т.б., Dong Il Highville, Urim, «Қыкдонг Консоль» құрылыс фирмалары және т. б.) тіркелген, олардың 516-ға жуығы жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...