Алматы әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің үш қызметкері Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған кезде зардап шеккендерді құтқарғаны үшін марапатталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Жандос Ысмағұлов, Қуаныш Қарбаев және Бағдат Шайкөзов ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгілерін алды.
«Апатқа ұшыраған соң бірнеше минуттан кейін Алматы әуежайының қызметкерлері төтенше жағдай орнына келді. Олар төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі пен қайсарлығы үшін марапатқа ие болды», — деп атап өтті Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
Алматы маңындағы ұшақ апаты
Bek Air әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында ұшып көтерілгеннен кейін бірден Алматы маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бетон қоршауына соғылып, екіге бөлінді.
Апат салдарынан 12 адам көз жұмды, оның ішінде экипаж командирі бар. Кейін ауруханадан шығарылған соң екінші ұшқыш та көз жұмды. Ұшақ бортында барлығы 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.
26 мамырда Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешімімен Bek Air әуекомпаниясының мүлкі бұғатталды.
Фото: Алматы Халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз:
- «Оқысаң, шошисың»: Журналист полицейлер өліміне «қуанғандарды» орнына қойды
- Ақтөбеде кондуктор автобустан құлап, қайтыс болды
- «Блок — бекеттегі қылмыс әдейі жасалынуы мүмкін» — заңгер Ж.Сүлейменов
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз