Басты бет Оқиға Төтенше оқиға "Bek Air" әуе компаниясының құрылтайшыларына қатысты ақпарат елді елең еткізді

«Bek Air» әуе компаниясының құрылтайшыларына қатысты ақпарат елді елең еткізді

«Bek Air» әуе компаниясының жалғыз құрылтайшысы бар, ол — Нұрлан Жұмасұлтанов. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

2019 жылдың маусым айына дейін Жұмасұлтанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің авиациялық оқиғалар мен оқыс жағдайларды тергеу басқармасын басқарды. Ол қол астындағы адамдар жасаған заң бұзушылыққа байланысты жұмыстан босатылған.

Сонымен бірге, Камалиев Жұмасұлтанов өзінің қажетті сертификаттарды алу үшін қызметтік жағдайын пайдаланбаған деп сендірді. Ол заңға сәйкес, кез келген жеке тұлға өз акцияларын немесе акционерлік қоғамдағы қатысу үлесін басқа адамға беруіне болатынын еске салды.

«Осы тұрғыда, меніңше, заңға қайшы ештеңе болмауы керек», — деді ол.

Сонымен қатар, ол Нұрлан Жұмасұлтановтан басқа Bek Air компаниясының құрылтайшысы болып табылатын басқа бір бас директор бар деген ақпаратты тексеріп жатқандарын айтты.

— Ол атқарушы директор, бізге оның аты-жөнін… біз қосымша айтатын боламыз, — деді ол.

Журналистер Жұмасұлтановтың қай кезден бастап жалғыз құрылтайшы екенін сұрады. Өйткені, журналистердің ақпараты бойынша, компания президенті марқұм Сарыбай Қалмырзаевтың ұлы Нұрбол Сұлтан көрінеді.

— Біз бұл туралы естідік, бірақ ол қазір бастық емес, оның үстіне ол Қазақстанда тұрмайды, ол шетелге көшіп, сол жақта қалып қойған. Әрине, бұл -Жұмасұлтанов пен Сұлтан арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастар. Біз Жұмасұлтанов мырзаны білеміз. Ал Сұлтанов …. бұл олардың азаматтық кодексі », — деп жауап берген Камалиев журналистерге бұл сауалды Әділет министрлігіне қойғаны жөн болатынын меңзеп жіберді.

Сондай-ақ журналистер «Bek Air компаниясы өкілдері неге үнсіз, халық алдына неге шықпайды» деген сұрақ қойды:

«Ол жұмыста, әуежайда жүр», — деп жауап берді Камалиев.

— Bek Air өкілі жеке өзіммен кездесті. Қазір ол әуежайда, ондағы адамдарды жіберуі керек, билеттерді қайтару мәселесі тағы бар, — деді вице-министр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...