Мәжілістің бұрынғы депутаты Бекболат Тілеухан елдегі соңғы оқиғаларға байланысты пікір білдірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Тілеухан Instagram-дағы парақшасында республикалық телеарналарға берген сұхбатының видеосын жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Отыз жылдық төл тарихымызда осындай қиын, ауқымды әрі күрделі сынаққа тұңғыш рет бетпе-бет келдік. Тағдырдың талай тезінен өткен еліміз бұл сындарлы кезеңнен сынып қалмай өте білді. Қауіптің бұлты сейілді, күрделі күндер артта қалды», — деп жазды Бекболат Тілеухан.
Ол қазақ елі ендігі жерде береке-бірліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін біліп, сақтауы керектігін атап өтті.
«Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз. Өткеннен өнеге, сынақтардан сабақ алайық. Ең бастысы – енді мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз», — дейді экс-депутат.
Оқи отырыңыз:
- Қар жауып, боран соғады: демалыс күндері ауа райы қандай болады
- «Шешімге қол қойылды»: ҰҚШҰ әскери контингенттерін тұрақты орналасу пункттеріне қайтару ұйымдастырылады
- Президент тапсырмасы: Мектеп және колледж педагогтерінің еңбекақысы көбейді
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз